Accessibility links

БҰҰ: Биыл ЕО-ға теңізбен 2 миллион мигрант аттанған


Сербиядағы Сирия мигранттары.
Сербиядағы Сирия мигранттары.

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігі мәліметтері бойынша, биыл Еуропаға теңіз арқылы екі миллионнан аса мигрант аттанған. Бұл көрсеткіш 2014 жылғы есептен бес есе артық. Бұл мигранттардың жартысына жуығы - соғыс болып жатқан Сириядан қашқандар. Ал бестен бір бөлігі - Ауғанстан азаматтары.

Мигранттардың көпшілігі Түркиядан Эгей теңізі арқылы Грекияға өткен. БҰҰ агенттігінің ақпаратына қарағанда, 2015 жылы төрт мыңдай мигрант суға батып қаза тапқан. Мигранттардың Еуропаға ағылуы биыл күрт үдеп, кейбір елдер шекарадағы бақылауды күшейткен еді.

XS
SM
MD
LG