Accessibility links

Қырым тағы жарықсыз қалды


Қырымдағы қараңғыда қалған қаланың бірі. (Көрнекі сурет)
Қырымдағы қараңғыда қалған қаланың бірі. (Көрнекі сурет)

Украина 31 желтоқсанға ауған түні Қырымға электр қуатын тарататын "Каховка-Титан" желісін ажыратты. Бұл туралы "Интерфакс" агенттігіне Севастополь губернаторының баспасөз хатшысы Кирилл Москаленко хабарлаған. Оның сөзіне қарағанда, енді Севастопольдегі электр қуатын жергілікті билік үнемдеу мақсатында үш сағат сайын оқтын-оқтын өшіріп тұрмақ.

Қаланың көшелері қараңғы. Троллейбустар тоқтатылған. Севастопольден бөлек, Қырымның бірнеше ауданы, соның ішінде Ялта қаласы да жарықсыз қалған.

Мұның алдында, 22 қарашаға қараған түні Қырым түбегі тұтас электр қуатынсыз қалған еді. Ол жолы Украинаның Херсон облысындағы электр желісінің екі бағаны құлаған болатын. Ол жолы түбекте төтенше жағдай жарияланып, электр қуатын үнемдеу мақсатында жарықты оқтын-оқтын өшіріп отырған еді.

XS
SM
MD
LG