Accessibility links

Рубль биылғы ең төменгі шекке құлдырады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресей рублінің долларға шаққандағы бағамы 30 желтоқсан күні осы жылғы ең төменгі шекке құлдырады. Бір доллардың құны 73 рубль 20 копейка болды.

Рубль өткен жылы 40 пайызға құнын жоғалтқан еді. Биыл былтырғы құнының 20 пайызын жоғалтты. Ресей экономикасы қазір Батыс елдері жариялаған санкциялар зардабын тартып жатыр. Оның үстіне, мұнай бағасының арзандауы да Ресей экономикасы жақпай тұр.

Еуропа Одағы елдері, АҚШ пен басқа мемлекеттер Ресей 2014 жылы Украинаның Қырым түбегін аннексиялағанда осы әрекеті мен Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистерді қолдағаны үшін Мәскеуге қарсы санкциялар жариялаған. Ал мұнай Ресейдің негізгі экспорты саналады. Қазір шикізат бағасы 11 жыл бұрын болған дәрежеде арзандап кетті.

Ресейдің экономикалық даму министрі Алексей Улюкаев 29 желтоқсан күні "Үкімет рубль құнының құлдырауына емес, оның тұрақсыздығына көбірек алаңдап отыр. Өйткені, қазіргі бағамның тұрақсыздығымен бюджетті жоспарлау қиын" деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG