Accessibility links

Биржада долларға шаққандағы теңге бағамы 340-тан асты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

KASE Қазақстан қор биржасының хабарлауынша, 31 желтоқсан күнгі таңғы сессия теңгенің долларға шаққандағы бағамы 340,01 теңге болуымен аяқталған. 30 желтоқсан күні бұл көрсеткіш 338,64 болған еді.

Қазақстандағы ақша айырбастау пункттері долларды қор биржасындағы бағамынан қымбат ұстайды. Сондықтан, теңге бағамы айырбас орындарында 340-тан кеше асып кеткен.

XS
SM
MD
LG