Accessibility links

Украина Ресей газын тасымалдау ақысын қымбаттатты


Украинадағы газ құбыры. (Көрнекі сурет)

Украинадағы газ құбыры. (Көрнекі сурет)

Украина өз аумағынан өтетін ресейлік транзиттік газдың тарифін қымбаттатты деп хабарлады "Нафтогаз Украина" мекемесінің бизнесті дамыту жөніндегі директоры Юрий Витренко.

Оның айтуынша, тарифті қымбаттату еуропалық принциптерге сай болған, сөйтіп "Газпромның" Украинаның айналып өту жайлы талай жылғы ісі лайықты жауабын алды". Ол тарифтің қаншалықты өскенін айтпады.

Маусымда ресейлік "Газпром" компаниясының басшысы Алексей Миллер Украина аумағынан өтетін 1000 текше метр газды 100 километр жерге жеткізу құны 2,7 доллар екенін, Киевтің оны 5 долларға дейін арттыруды талап еткенін айтқан. Миллер Украинаның ұсынысын "әділетсіз" және "пайдасыз" деп атаған.

Өткен аптада Украинаның монополияға қарсы комитеті "Газпромды" газ транзиті нарығындағы монополист деп танып, оның украиналық "Нафтогаз" компаниясымен жасаған шартын жиі бұзатынын хабарлаған. Киев ресейлік компанияға 3 миллиард доллардай айыппұл салмақ, оған қатысты сот тыңдауы 14 қаңтарға белгіленген.

2015 жылы сәуірде Еврокомиссия "Газпромды" Шығыс Еуропа нарығына газ жеткізуде басымдыққа ие болып отыр деп айыптаған.

XS
SM
MD
LG