Accessibility links

Донбасс: атысты тоқтату туралы бітім тағы бұзылды


Солдан оңға: Франция сыртқы істер министрі Лоран Фабиус, Ресей СІМ Сергей Лавров, Германия СІМ Франк-Вальтер Штайнмайер және Украина СІМ Павел Климкин. Берлин, қараша, 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)

Солдан оңға: Франция сыртқы істер министрі Лоран Фабиус, Ресей СІМ Сергей Лавров, Германия СІМ Франк-Вальтер Штайнмайер және Украина СІМ Павел Климкин. Берлин, қараша, 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)

Украинаның шығысындағы үкімет әскері мен ресейшіл сепаратистер екі жақтың өзара келісімі бойынша, рождество кезінде оқ атпау туралы 22 желтоқсанда жасалып, содан бері сақталып келген бітімді жаңа жылдың алғашқы күні бұзды деп, бір-бірін айыптайды.

Украиналық әскери басшылықтың хабарлауынша, соңғы бір тәулікте үкімет күштері позицияларына қарсыластары 22 рет оқ атып, минометтер мен гранатометтер қолданған. Үкімет күштері қатарынан қаза тапқандар жоқ.

Сепаратистер болса, Жаңа жылдың алғашқы сағатында украиналық әскерилер Донецк әуежайы мен Коминтерново елді мекенін атқылаған кезде өз араларынан бір адам қаза тапқанын айтады. Сепаратистер жетекшілерінің сөзінше, соңғы тәулікте украиналық күштер «оқ атпау туралы келісімді 11 рет бұзып, тұрғын кварталдарға минометтерден оқ жаудырған, салдарынан бес үй бүлінген».

Бұған дейін қарсылас тараптар «рождестволық бітім» православ дінін ұстанушылар мерекелейтін 7 қаңтар кезінде де күшінде болады деп келісімге келген еді.

Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер жақында сөйлеген сөзінде, Шығыс Украинадағы бітім мәселесіне назар аударып, тараптарды оқ атпау туралы өзара келісімді тым болмағанда сол жасалған мерзімге тоқтата тұруға шақырған.

XS
SM
MD
LG