Accessibility links

Сауд Арабиясында 47 адамға өлім жазасы орындалды


Йемендегі шеруге қатысушы басына шииттер өкілі, шейх Нимр әл-Нимрдің суретін жапсырып алған. 18 мамыр 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)

Йемендегі шеруге қатысушы басына шииттер өкілі, шейх Нимр әл-Нимрдің суретін жапсырып алған. 18 мамыр 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)

Сауд Арабиясында терроризм және зорлық-зомбылыққа арандату айыптары тағылып, өлім жазасы кесілген 47 адамға үкім орындалған. Олардың 45-і – Сауд Арабиясының, біреуі – Египеттің және бірі Чад елінің азаматтары. Елдің ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, өлім жазасы бүгін Сауд Арабиясының әр аймағында, 12 қалада орындалған.

Өлімге кесілгендердің арасында 2011 жылы Сауд Арабиясының шығысында шииттердің наразылық акциясы кезінде маңызды рөл атқарған тұлғалардың бірі, белгілі діни уағызшы шейх Нимр әл-Нимр да бар. Ол сүннит патша әулеті басқаратын Сауд Арабиясында ел тұрғындарының 15 пайызын құрайтын шииттердің қысым көріп келе жатқанына наразылық білдіріп, билікті сынаған.

Былтыр Сауд Арабиясында кемінде 157 адамға өлім жазасы орындалған. Ал одан бір жыл бұрын осындай жазаны 90 адамға қолданған.

XS
SM
MD
LG