Accessibility links

Бүгін Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 874 километр қашықтықта 6,0 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістеме-тәжірибелік орталығы.

Астана уақыты бойынша сағат 14:37 кезінде тіркелген жер сілкінісінің ошағы Ауғанстан аумағында, 200 километрге дейінгі тереңдікте болған деп хабарланды.

Жер сілкінісінің дүмпуі Қазақстан аумағында сезілмеген.

XS
SM
MD
LG