Accessibility links

Ватикан мен Палестина автономиясы келісімі күшіне енді


Израиль президенті Шимон Перес (солдан оңға), Палестина автономиясы басшысы Махмуд Аббас және Рим папасы Франциск. Ватикан, 8 маусым 2014 жыл.

Израиль президенті Шимон Перес (солдан оңға), Палестина автономиясы басшысы Махмуд Аббас және Рим папасы Франциск. Ватикан, 8 маусым 2014 жыл.

Рим-католик шіркеуі мен Палестина автономиясы арасында жасалған алғашқы келісім күшіне енді. Автономия бақылайтын аймақтағы Рим-католик шіркеуінің қызметі мен азшылықты құрайтын христиандар құқығын қорғау жайлы келісімге 2015 жылы 26 маусымда қол қойылған болатын.

Ватикан мәлімдемесінде аталған келісім Палестин-Израиль келіссөздері мен аймақта бейбітшілікті реттеу ісіне де қолдау танытатыны айтылған.

Израиль бұл келісімді Таяу Шығыстағы бейбітшілік процесі үшін оң нәтиже бермейтін, мерзімінен ерте қабылданған құжат деп сынға алған еді.

2013 жылы ақпанда Ватикан Палестина автономиясы территориясын тәуелсіз мемлекет деп таныған. Оның алдында, 2012 жылы қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясы дауыс беру нәтижесі бойынша, Палестинаға БҰҰ жанындағы бақылаушы-мемлекет статусын беру туралы шешім қабылдаған соң әлемде ондаған мемлекет Палестина территориясының тәуелсіздігін таныған. Бірақ, іс жүзінде әзірше мұндай мемлекет жоқ. БҰҰ Иордан өзенінің батыс жағалауындағы палестиналық территорияны Израиль басып алған жерге жатқызады.

XS
SM
MD
LG