Accessibility links

Ресей байланыс министрінің аккаунтын хакерлер бұзған


Ресей байланыс және бұқаралық коммуникация министрі Николай Никифоров.
Ресей байланыс және бұқаралық коммуникация министрі Николай Никифоров.

Ресей байланыс және бұқаралық коммуникация министрі Николай Никифоровтың Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына әлдекімдер бұзып кірген деп хабарлайды ресейлік ақпарат агенттіктері.

Аккаунт бұзылған соң оның бетінде ұшақтың, Түркия туы мен түрік мемлекет қайраткерлерінің суреттері пайда болған. Министрдің аккаунтындағы өзгерісті байқаған интернет қолданушылар ондағы жаңа суреттерді белсенді талқылауға кіріскен.

Николай Никифоров 2012 жылы 29 жасында Ресей байланыс министрі болып тағайындалып, үкіметтегі ең жас министр атанған.

Ресей мен Түркияның қарым-қатынасы былтыр 24 қарашада түркиялық әскери-әуе күштері Сириямен шекарада Ресейдің Су-24 бомбалаушы ұшағын атып түсірген соң нашарлаған. Анкара ұшақ елдің әуе кеңістігін бұзды дейді. Мәскеу оны жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG