Accessibility links

Ауа райына байланысты алты облыста жол жабық


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты алты облыста автокөлік жолдары жабылған. Бұл туралы Қазақстан ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар қызметі хабарлады.

Боран салдарынан Ақмола облысында республикалық маңыздағы жолдардың жекелеген учаскелерінде көлік қозғалысына тыйым салынған. Атап айтқанда, Жезқазған-Петропавл тасжолының Державинск және Есіл қалалары арасындағы бөлігі, Жақсы-Есіл-Бузулук және Қостанай-Әулиекөл-Сурган жолдары, сонымен бірге Екатеринбург-Алматы тасжолының Жақсы мен Атбасар және Жақсы мен Чистополье елдімекендері аралығында көлік қозғалысы уақытша тоқтатылған.

Бұған дейін төтенше қызмет Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа райының жайсыздығына байланысты жолдар жабылғанын хабарлаған еді.

XS
SM
MD
LG