Accessibility links

Алматы мен Астанада ауа-райынан әуе рейстері бөгелді


Алматы әуежайында тұрған ұшақ. (Көрнекі сурет.)
Алматы әуежайында тұрған ұшақ. (Көрнекі сурет.)

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін Алматы мен Астана әуежайларында әуе рейстері бөгелді деп хабарлайды Қазақпарат.

Алматы халықаралық әуежайында Алматы – Астана, Алматы – Бішкек және Алматы – Үрімжі әуе рейстері өз уақытынан кешігетіні хабарланған. Сонымен бірге, Алматыға Ақтау, Астана, Атыраудан келетін ішкі рейстермен бірге, Киев, Душанбе, Бангкок, Стамбул, Дубай қалаларынан келуі тиіс халықаралық рейстер де бөгеліп жатыр.

Алматы әуежайында кейбір жолаушылар рейстері кестеде көрсетілген уақыттан жарты сағатқа, кейбірі алты-жеті сағатқа дейін кешігетіні айтылып отыр.

Сол сияқты, Астана әуежайына Қостанай, Ақтау, Атыраудан келетін ұшақтар мен Алматы, Орал, Өскеменге ұшатын әуе рейстері бөгелген.

XS
SM
MD
LG