Accessibility links

Бішкек Қазақстанмен электр қуаты жайлы келісімге қол қойды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Қырғызстан Қазақстанмен электр қуаты импорты туралы алдын ала келісімге қол қойды деп хабарлады қырғыз премьер-министрінің кеңесшісі Кубанычбек Турдубаев.

«Энергетикалық қауіпсіздікті нығайту үшін Қазақстанмен электр қуаты импорты туралы келіссөздер жүріп жатыр. Екібастұз ГРЭС-імен алдын ала келісімге қол қойылды» деп хабарлаған Турдубаев.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Қырғызстанның Тоқтоғұл су электр станциясындағы жөндеу жұмыстары қаңтардың 15-інде аяқталуы тиіс. Өткен жылы желтоқсанның 28-і күні бұл станцияда болған ақау салдарынан төрт генератордың үшеуі ажырап қалған еді. Қазіргі уақытта екі гидроагрегат жұмыс істеп тұр.

XS
SM
MD
LG