Accessibility links

Ирактағы базаға шабуылды ИМ тобы мойнына алды


Тикриттегі дуалға салынған ИМ туы, Ирак, 7 сәуір 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)

Тикриттегі дуалға салынған ИМ туы, Ирак, 7 сәуір 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)

Ирактың Тикрит қаласы маңында бүгін елдің қарулы күштері базасына жасалған шабуылдан кемінде 15 әскери қаза тауып, 22 адам жараланған.

Ирак қауіпсіздік қызметінің мәліметі бойынша, шабуылға қатысқан бес жанкештінің екеуі бұрын АҚШ әскерилері пайдаланған Camp Speicher базасы қақпасының алдына айдап келген көліктерін жарып жіберген. Бұдан соң ирак полициясының жаттығуы өтіп жатқан база территориясына кіріп кеткен тағы үш жанкешті денелеріне байлап алған жарылғыш заттарды іске қосқан.

Бұл шабуыл үшін жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобы мойнына алатыны туралы мәлімдемені жақтастары интернетте жариялады.

Бұдан бірнеше күн бұрын Ирак билігі 2015 жылдың жазынан ИМ тобының қолында болып келген Рамади қаласын босатқанын жариялаған. Соңғы жылдары ИМ содырлары Ирактың солтүстігі мен батысында ауқымды жерді бақылауына алған еді.

XS
SM
MD
LG