Accessibility links

Еурокомиссия Польшаның БАҚ туралы жаңа заңын талқыламақ


Польша парламенті алдына демократияны қолдау шеруіне шыққандар. (Көрнекі сурет.)

Польша парламенті алдына демократияны қолдау шеруіне шыққандар. (Көрнекі сурет.)

Польша жуырда қабылдаған бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң қаңтардың 13-іне белгіленген Еурокомиссия кеңесінде қаралмақ. Еурокомиссия төрағасы Жан-Клод Юнкердің осындай шешім қабылдауы Польша заңнамасына жақында енгізілген өзгерістерге байланысты алаңдаушылық артып келе жатқанын байқатады.

Биліктегі консервативтік «Заң және әділдік» партиясының ұсынысы бойынша ұлттық заңға жаңадан енгізілген өзгерістер үкіметке мемлекеттік телеарналар мен радиокомпаниялар басшылығын тағайындауға мүмкіндік береді. Еуропа Одағының сандық экономика және қоғам мәселелері жөніндегі комиссары Гюнтер Отингер Еуроодақтың заң шығару саласындағы жалпы ережесін бұзғаны үшін Польшаға ескерту жасау туралы айтқан. «Заң үстемдігі» тетігін іске қосып, Варшаваны бақылауға алуға себеп көп» деген ол Frankfurter Allgemeine Zeitung газетіне сұхбатында.

Егер тиісті шешім қабылданатын болса, болашақта Польша 28 елдің басшыларынан тұратын Еуропа Одағы кеңесінде дауыс беру құқығынан айрылуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG