Accessibility links

Түркияда аралдан ондаған босқын құтқарылды


Ата-анасымен бірге Түркиядан Грекияға Эгей теңізі арқылы жеткен қыз бала. Лесбос аралы, қараша, 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)

Ата-анасымен бірге Түркиядан Грекияға Эгей теңізі арқылы жеткен қыз бала. Лесбос аралы, қараша, 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)

Түркияның жағалау күзеті мен балықшылар жексенбі күні Дикили курорты маңындағы шағын аралда құрсауда қалып қойған 57 босқынды құтқарған. Босқындар теңіз арқылы Грекияға жетпек болған.

Аралдан 12 адам, соның ішінде үш бала тікұшақпен шығарылған. Аралдың құзды жағасына күзет кемелері жақын бара алмайтын болғандықтан, қалған босқындарды балықшылар қайықтарымен алып шыққан.

2015 жылы жүздеген мың мигрант, негізінен Сириядан қашқан босқындар Еуропаға Түркия арқылы жеткен. Анкара теңіздегі шекарасында бақылауды күшейтетіні туралы Брюссельге уәде бергенімен, күн сайын жүздеген босқын Еуропа Одағы аумағына жету үшін қауіп-қатерге толы жолмен сапарға шығады.

XS
SM
MD
LG