Accessibility links

Ресейде 2015 жыл ксенофобиядан 9 адам қаза тапқан


Полицей заңсыз мигранттарды әкетіп барады. Мәскеу, 14 қазан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Полицей заңсыз мигранттарды әкетіп барады. Мәскеу, 14 қазан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Ресейде 2015 жылы ұлтына бола жек көру мен ксенофобия кесірінен 9 адам қаза тауып, 68 адам жараланған деп хабарлады "Сова" құқық қорғау орталығына сілтеме жасаған "Интерфакс" агенттігі.

Ресейдің 17 аймағында жүргізілген зерттеуге қарағанда, бұл тізімнің басында - Мәскеу (3 адам қаза тапқан, 26 адам жараланған), екінші орында - Петербург (3 адам қаза тапқан, 14 адам жараланған) тұр. Мәскеу, Самара мен Новосибирск облыстарында да мұндай қылмыс көп жасалады. Шабуылға көбінесе Орталық Азия мен Кавказдан келген адамдар тап болады.

"Сова" ақпараттық-сараптамалық орталығы Ресейдегі ксенофобия, ұлтшылдық және діни төзімсіздік мәселелерін зерттейді.

XS
SM
MD
LG