Accessibility links

Бахрейн Иранмен байланысын үзбек


Сауд Арабиясы елшілігі маңындағы наразылық. Тегеран, 2 қаңтар 2016 жыл.
Сауд Арабиясы елшілігі маңындағы наразылық. Тегеран, 2 қаңтар 2016 жыл.

Бахрейн Иранмен дипломатиялық байланысын үзіп, екі күннің ішінде ол елдегі елшілерін қайтарып алмақ деп хабарлады мемлекеттік BNA ақпарат агенттігін.

Бұдан бір күн бұрын Бахрейнмен одақтас Сауд Арабиясы да Иранмен байланысын үзген. Сауд Арабиясы бұл әрекетке Иран астанасы Тегерандағы елшілігіне шабуыл жасалған соң барған.

Исламның шииттік ағымын ұстанатын Иран сүнниттік Сауд Арабиясының Нимр ан-Нимр есімді шиит теологын өзге 46 адаммен бірге терроризм айыбымен өлім жазасына кескеніне наразы болған.

XS
SM
MD
LG