Accessibility links

Мәмбеталин мен Нарымбаев сотқа кіруден бас тартты


Азаматтық белсенділер Серікжан Мәмбеталин (оң жақта) мен Ермек Нарымбаев сотта тұр. Алматы, 5 қаңтар 2016 жыл.

Азаматтық белсенділер Серікжан Мәмбеталин (оң жақта) мен Ермек Нарымбаев сотта тұр. Алматы, 5 қаңтар 2016 жыл.

Бүгін Алматының Алмалы аудандық сотында "араздық қоздырды" деп айыпталған азаматтық белсенділер - Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаевтың соты олардың қатысуынсыз басталды.

Сот залына кіруден бас тартқан белсенділер бұл әрекеттерін "сотқа процесті бақылағысы және оған қатысқысы келетін жақтастарымызды кіргізбеді" деп түсіндірді.

Мәмбеталиннің адвокаты Ермұрат Мұқанов "залда сотқа қатысқысы келетін адамдарға орын жетеді" деп, азаматтық белсенділерді қолдаған. "Судья Марал Жарылғасова сот ашықтығы ережесін бұзып отыр" деген адвокат Ермұрат Мұқанов судьяға қарсылық білдіруге тырысты. Алайда судья сотқа қарсылықтың қабылданбайтынын, адвокаттардың қарсылық білдіру мүмкіндіктері таусылғанын айтты. Бұдан соң Ермұрат Мұқанов бәрібір судьяға қарсылық білдірді, судья оған ескерту жасады. Судья адвокат жасаған заң бұзушылықты ресми түрде тіркейтінін мәлімдеп, үзіліс жариялады.

Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаев 2015 жылдың қазан айынан бері қамауда отыр. Сот бұрын олардың бұлтартпау шарасын өзгертіп, қамаудан босату туралы арыздарын қабылдамай тастаған.

Мәмбеталин мен Нарымбаевты "Қазақстан мұсылмандары одағының басшысы Мұрат Телібековтікі" делінген даулы кітаптың үзіндісін жариялағаны үшін жауапкершілікке тартып жатыр. Белсенділерге "ұлттық араздық қоздыратын белгілері бар мәліметтерді таратып, ұлттық намысты қорлағаны үшін" қылмыстық айып тағылған. Мәмбеталин мен Нарымбаев бұл айыптарды мойындамайды.

XS
SM
MD
LG