Accessibility links

Әкім: Березовканы көшіру 2016 жылы аяқталады


Березовка ауылында тұрған жедел жәрдем қызметі көліктері. (Көрнекі сурет)

Березовка ауылында тұрған жедел жәрдем қызметі көліктері. (Көрнекі сурет)

Батыс Қазақстан облысындағы Березовка ауылының тұрғындарын көшіру 2016 жылы толық аяқталады деп хабарлады облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Астанада өткен брифингте.

Облыс әкімінің айтуынша, Березовка ауылынан 1675 адам, көршілес Бестау ауылынан 133 адам көшіріледі. Бұл 1808 адамға 454 үй қажет.

"Қазірдің өзінде 82 отбасы Ақсай қаласына көшірілді. 2016 жылы Березовка мен Бестау ауылының тұрғындарын көшіру толығымен аяқталады" деді облыс әкімі.

Қарашығанақ кен орнынан бес километр жерде орналасқан Березовка ауылында 2014 жылдың қарашасында балалар жаппай улана бастаған. Экологиялық белсенділер "балалардың улануына кен орнынан шыққан газ себеп" дейді. Бірақ Қарашығанақ кен орнын игеруші компания мұнымен келіспейді.

XS
SM
MD
LG