Accessibility links

Қазақстанда 2015 жылы инфляция 13,6% болған


Алматыдағы базарлардың бірі (Көрнекі сурет).
Алматыдағы базарлардың бірі (Көрнекі сурет).

2015 жылы Қазақстанда инфляция 13,6 пайызды құраған деп хабарлады ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті.

2015 жылы елде азық-түлік бағасы 10,9 пайызға, азық-түлік емес заттардың бағасы 22,6 пайызға, ақылы қызметтер бағасы 8,1 пайызға өскен.

2015 жылдың басында үкімет инфляция деңгейі 6-8 пайыз болады деп жоспарлаған.

Қазақстанда 2014 жылғы инфляция көлемі 7,4 пайызды құраған.

XS
SM
MD
LG