Accessibility links

Қостанай қаласы экс-әкімнің ісі сотқа жетті


Фемида мүсіні. (Көрнекі сурет)
Фемида мүсіні. (Көрнекі сурет)

Қостанай қаласының бұрынғы әкімі, коррупцияға қатысты айыппен қамалған Ахмедбек Ахметжановтың қылмыстық іс материалдары сотқа тапсырылды деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сотта Ахметжановтың орынбасарлары Мақсұт Қалиев пен Фрунзик Аракеляннің және бірнеше шенеуніктің істері де қаралады.

Ахмедбек Ахметжанов 2015 жылы 11 қыркүйек күні «қызметін асыра пайдаланды» және «заңды кәсіпкерлік әрекетке кедергі келтірді» деген күдікпен қамауға алынған.

Тергеу материалдарында Ахметжановтың «автокөлік құралдарына арналған халыққа қызмет көрсету орталығы құрылысының тендерін алуға жәрдемдескені» және балабақша құрылысында «жеке бір компанияның мүддесін заңсыз қорғағаны» айтылған.

Ахметбек Ахметжанов Қостанай қаласы әкімі қызметіне 2014 жылы тағайындалған. 2015 жылы 8 қыркүйек күні оның «өз еркімен» қызметтен кеткені туралы хабарланған.

XS
SM
MD
LG