Accessibility links

Кувейт Ирандағы елшісін шақырып алмақ


Сауд Арабиясының Ирандағы елшілігін өртеу сәті. Тегеран, 2 қаңтар 2016 жыл.

Сауд Арабиясының Ирандағы елшілігін өртеу сәті. Тегеран, 2 қаңтар 2016 жыл.

Кувейт Сауд Арабиясының Ирандағы елшілігіне жасалған шабуылға байланысты Ирандағы елшісін шақырып алатынын хабарлады. Кувейт сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясы елшілігіне жасалған шабуылды айыптады.

3 қаңтарда Сауд Арабиясы Иранмен дипломатиялық қарым-қатынастарды үзген. Кейін Бахрейн мен Судан да осындай шешім қабылдаған. Ал Біріккен Араб Әмірліктері Иранмен байланысы саябырлайтынын мәлімдеген.

2 қаңтар күні Сауд Арабиясында шииттер азшылығының өкілі, шейх Нимр әл-Нимрге шығарылған өлім жазасының орындалуы әлемнің бірқатар елдерінде наразылыққа ұласқан. Нимр әл-Нимрдің қазасына байланысты мұсылман-шииттердің наразылық шерулері Бахрейн, Ирак, Иран, Ливан, Йемен, сонымен бірге Сауд Арабиясында да өткен.

XS
SM
MD
LG