Accessibility links

Эгей теңізінен ондаған мигранттың мәйіті табылды


Түркиялық полиция теңіз жағасына шығып қалған мигранттың денесін фотоға түсіріп тұр. 5 қаңтар 2015 жыл.

Түркиялық полиция теңіз жағасына шығып қалған мигранттың денесін фотоға түсіріп тұр. 5 қаңтар 2015 жыл.

Эгей теңізінің жағасынан 34 мигранттың мәйіті табылды. Олардың шағын қайықтары Грекияның Лесбос аралына кетіп бара жатқанда аударылған.

Түркиялық теңіз бақылаушыларының мәлімдеуінше, қаза тапқандардың арасында балалар мен әйелдер бар. Қазір түркиялық құтқарушылар аман қалғандарды іздеу үшін теңізге шыққан.

Түркия полициясы әзірге сегіз адамның құтқарылғанын хабарлады. Эгей теңізі арқылы Грекияға бет алған мигранттардың қай ел азаматтары екені әлі анықталған жоқ.

XS
SM
MD
LG