Accessibility links

АҚШ: ИМ Сирия мен Ирактағы біраз жерінен айырылды


АҚШ басқаратын ИМ-ге қарсы халықаралық коалиция полковнигі Стив Уоррен.
АҚШ басқаратын ИМ-ге қарсы халықаралық коалиция полковнигі Стив Уоррен.

АҚШ басқаратын ИМ-ге қарсы халықаралық коалиция полковнигі Стив Уорреннің мәлімдеуінше, 2015 жылы "Ислам мемлекеті" экстермистік тобы (ИМ - Қазақстанда террористік ұйым ретінде тыйым салынған - ред.) Иракта басып алған аймағының 40 пайызынан, Сириядағы жерінің 20 пайызынан айырылған. Ол "қазір ИМ содырлары тек қорғанысқа көшкенін" айтты.

Коалицияның әуе шабуылдары көмегімен күрд әскері ИМ-ді Ирактың Синджар аймағынан ығыстырған. Ирак және шиит әскерлері бірігіп, алдымен ИМ бақылауындағы Тикрит қаласын, кейін Рамади қаласын ИМ содырларынан азат етті.

Уоррен "ИМ әскерінің әлсірей бастағанын" айтады. Оның мәлімдеуінше, ИМ 2015 жылдың мамырынан бері бірде-бір жаңа аймақты басып ала алмаған.

Қазір ИМ бақылауында Сирияның біраз аймағы мен Ирактың Мосул қаласы қалып отыр.

XS
SM
MD
LG