Accessibility links

Ермек Нарымбаевты соттан ауруханаға әкетті


Соттағы Ермек Нарымбаевқа келген жедел жәрдем қызметі. Алматы, 6 қаңтар 2016 жыл.
Соттағы Ермек Нарымбаевқа келген жедел жәрдем қызметі. Алматы, 6 қаңтар 2016 жыл.

«Араздық қоздырды» деп айыпталған азаматтық белсенді Ермек Нарымбаевты бүгін Алматыдағы Алмалы аудандық сотынан жедел жәрдем көлігімен ауруханаға зембілмен алып кетті.

Дәрігерлерді Ермек Нарымбаев денсаулығы нашарлап тұрғанын айтқан соң шақырған. Нарымбаевтың туыстары оның инфаркт алғаны туралы Facebook әлеуметтік желісінде жазған еді. Белсендіні 28 желтоқсанда да денсаулығы күрт нашарлап кеткендіктен соттан ауруханаға әкеткен.

Белсенділер Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаев былтыр қазан айында қамауға алынған. Оларға Facebook желісінде "Қазақстан мұсылмандар одағы ұйымының жетекшісі" Мұрат Телібеков жазды деп сипатталатын жарияланбаған кітаптан үзінді келтірді деген айып тағылған. Белсенділер ол айыппен келіспейді.

XS
SM
MD
LG