Accessibility links

Қырғыз ұлттық банкі қаржылық интервенция жасады


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Қырғызстан ұлттық банкі қаңтарда екі рет жиыны 12,3 миллион доллар көлемінде қаржылық интервенция жасағаны хабарланды.

Бұл банк 2015 жылдың желтоқсанында да жиыны 37 миллион доллар көлемінде 16 интервенция жасаған.

Қазір бір доллардың құны 70 қырғыз сомын құрап тұр. Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, екі ай бұрын елде доллар саудасына шектеу қойылған. Қазір Бішкекте кей банктер бір адамға күніне 500 доллардан ғана сатып жатыр.

Жергілікті сарапшылар қаржылық интервенцияның пайдасы аз екенін, доллардың өсімі тоқтамайтынын айтады.

XS
SM
MD
LG