Accessibility links

Нарымбаев пен Мәмбетәлин сотқа қатысудан бас тартты


Соттағы Ермек Нарымбаевқа келген жедел жәрдем қызметі. Алматы, 6 қаңтар 2016 жыл.

Соттағы Ермек Нарымбаевқа келген жедел жәрдем қызметі. Алматы, 6 қаңтар 2016 жыл.

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында "Араздық тудыру" айыбымен сотқа тартылып жатқан азаматтық белсенділер Ермек Нарымбаев пен Серікжан Мәмбетәлиннің сотында дау туды.

Халі нашарлап кеткен соң жедел жердем шақыртып, ауруханаға барып келген Ермек Нарымбаев сот залына кіретін шамасы жоғын айтты. Судья Марал Жарылғасова дәрігердің "айыпталушының денсаулығы орташа, сотқа қатысуына болады" деген сөзінен кейін Ермек Нарымбаевты залға конвоймен әкелуге бұйырды. Бірақ конвой оның сотқа кіре алмайтынын айтқанын хабарлады. Алайда сот белсендіні бәрібір әкелуді талап етті.

Бұл сәтте Серікжан Мәмбетәлин 8 қаңтардан бастап аштық жариялайтынын хабарлап, сотта қатысудан бас тартып, өзін залдан әкетуді сұрады. Залдағы жұрт шулап кеткен соң оларды тәртіпке шақыра алмаған судья сыртқа шығып кетті.

Белсенділер Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаев былтыр қазан айында қамауға алынған. Оларға Facebook әлеуметтік желісінде "Қазақстан мұсылмандар одағы ұйымының жетекшісі Мұрат Телібеков жазды" деп сипатталатын жарияланбаған кітаптан үзінді келтірді деген айып тағылған. Белсенділер айыппен келіспейді.

XS
SM
MD
LG