Accessibility links

Шымкентте 492 пәтерден 2641 адам үміткер


Шымкент қаласы әкімдігінің алдында жалға пәтер алу үшін кезекте тұрған азаматтар. Шымкент, 24 желтоқсан 2015 жыл.
Шымкент қаласы әкімдігінің алдында жалға пәтер алу үшін кезекте тұрған азаматтар. Шымкент, 24 желтоқсан 2015 жыл.

"Шымкент қаласында кейін сатып алу келісімі бойынша жалға берілетін 492 пәтерге үмітті азаматтың саны 2641-ге жетті" деп хабарлады Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.

«Қазір тізім жасалып бітті. Тізімнің басында 2004 жылы пәтер кезегіне тұрған азаматтар ілікті. Ал мемлекеттен тегін пәтерді 1998 жылы тіркелген азаматтар алып жатыр» дейді Бейсенбек Жанбосынов.

Қала әкімі орынбасарының айтуынша, Қазақстанның ипотекалық компаниясы арқылы пәтер алуға 2014 жылы құжат тапсырғандардың 900-і пәтер алған, 107 азаматтың құжаттары әлі тексеріліп жатыр.

Бейсенбек Жанбосыновтың сөзінше, қазір Шымкент қаласында пәтерге мұқтаж азамат ретінде тіркелгендердің жалпы саны 20 мың 379 адамға жеткен. Үй кезегінде тұрғандардың ішінде Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен жетім жастар кезексіз пәтер алуға хақылы.

XS
SM
MD
LG