Accessibility links

Мәмбеталин-Нарымбаев сотына БАҚ-ты кіргізбейді


Қоғам белсенділері Серікжан Мәмбетәлин мен Ермек Нарымбаевтың сот отырысына келгендер. Алматы, 6 қаңтар 2015 жыл

Қоғам белсенділері Серікжан Мәмбетәлин мен Ермек Нарымбаевтың сот отырысына келгендер. Алматы, 6 қаңтар 2015 жыл

Судья Марал Жарылғасова "ұлтаралық араздық тудырды" деп айыпталған қоғам белсенділері Серікжан Мәмбетәлин мен Ермек Нарымбаевтың сот отырыстарына бұдан былай "сот тәртібін бұзғаны үшін" журналистердің қатыстырылмайтындарын айтты. Журналистер мен өзге де сот процесін бақылаушыларды ақауы бар монитор қойылған арнайы бөлмеге кіргізді. Алмалы аудандық сотының төрағасы Қуаныш Әріпов келесі сот отырысында монитор істеп тұрады деп әде етті.

Бұған дейін судья сот залынан қорғаушы мәртебесі жоқ адамдардың бәрін шығарып жіберуді бұйырған.Олардың арасында белсенді Нарымбаевтың әйелі Зоя Нарымбаева да бар еді. Сәрсенбі күнгі сот отырысында сотталушылар да болған жоқ. Нарымбаев денсаулық жағдайына байланысты келмеді, ал Мәмбеталин Нарымбаевты сотқа күштеп қатыстыруға қарсылық танытып қатыспай қойды. Мәмбеталин 8 қаңтардан бастап аштық жариялайтынын айтты. Келесі сот отырысы қаңтар күні өтеді. Судья Жарылғасова бұдан былай сот отырыстары әр аптада үш рет, дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері өтеді деп жариялады. Сәрсенбі күнгі сот отырысынан соң сотталушылардың жақтастары "Жарылғасова, масқара!" деп айғайлады.

Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаев былтыр қазан айында қамауға алынған. Оларға Facebook желісінде "Қазақстан мұсылмандар одағы ұйымының жетекшісі" Мұрат Телібеков жазды деп сипатталатын жарияланбаған кітаптан үзінді келтірді деген айып тағылған. Ресми айыптауға сәйкес үзінді мәтіні "ұлтаралық араздық" тудыруға себеп болуы мүмкін. Белсенділер айыпты мойындамайды.

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG