Accessibility links

БҰҰ ҚК Пхеньянның ядролық сынағын айыптады


Сутегі бомбасы сынағын сәтті өткізгені туралы Солтүстік Корея үкіметінің мәлімдемесін тыңдап тұрған адамдар. Пхеньян, 6 қаңтар 2015 жыл.

Сутегі бомбасы сынағын сәтті өткізгені туралы Солтүстік Корея үкіметінің мәлімдемесін тыңдап тұрған адамдар. Пхеньян, 6 қаңтар 2015 жыл.

Ядролық қару сынағын «сәтті өткізгені» туралы Солтүстік Кореяның мәлімдемесінен соң шұғыл отырысын өткізген БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Пхеньянды қатаң айыптады. Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері Солтүстік Кореяның ісін жойқын қаруға қатысты БҰҰ қарарын көпе-көрнеу бұзу деп мәлімдеп, ондай әрекет «бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікке айқын қатер төндіретінін» айтқан.

БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Кореяға қарсы қосымша шаралар қабылдау мақсатында жаңа қарар жобасына дереу кірісуге ниетті екенін мәлімдеген. Егер Пхеньянның сынақ жүргізгені расталса, онда бұл 2006 жылдан бері жүзеге асырылған төртінші ядролық қару сынағы болмақ.

АҚШ президенті әкімшілігінің өкілі Джон Эрнест алдын ала мәліметтерге сүйеніп, оның қорытындылары Солтүстік Кореяның «сутегі бомбасы сынағын сәтті өткізгені» туралы сөзіне «сәйкес келмейтіні» туралы айтқан. «Соңғы 24 сағатта болған жайттардың ешбірі Солтүстік Кореяның ядролық қуатына қатысты біздің бұған дейінгі бағалауымызды өзгерткен жоқ» деп мәлімдеген ол.

XS
SM
MD
LG