Accessibility links

Катар Ирандағы елшісін шақырып алды


Нимр әл-Нимр қазасына наразылық кезінде Сауд Арабиясы елшілігінде шыққан өрт. Тегеран, Иран, 2 қаңтар 2016 жыл.
Нимр әл-Нимр қазасына наразылық кезінде Сауд Арабиясы елшілігінде шыққан өрт. Тегеран, Иран, 2 қаңтар 2016 жыл.

Сауд Арабиясы шииттер діни тұлғасы Нимр әл-Нимрге өлім жазасын орындаған соң ислам мемлекеттері арасында туындаған дипломатиялық жанжал шиеленісіп барады.

Сүнниттер билік басында отырған елдер Иран астанасындағы Сауд Арабиясы елшілігі мен Мешхед қаласындағы консулдыққа жасалған шабуылдарға байланысты наразылық танытты. Ал Иранда көпшілікті құрайтын және өзге елдерде азшылыққа жататын шииттер танымал діни тұлғаның өлтірілуіне ашу-ыза білдіріп жатыр.

Сәрсенбі күні Катар Ирандағы өз елшісін шақырып алды. Бұған дейін Сауд Арабиясы, Бахрейн мен Кувейт Тегеранмен дипломатиялық қатынастарын үзетінін мәлімдеген.

6 қаңтарда Бахрейн үкіметі ел аумағында бірнеше жерде «террорлық шабуыл ұйымдастырмақ болған Иранды жақтайтын топтың әшкереленгені» жайлы хабарлаған.

2 қаңтарда Сауд Арабиясы 47 адамға шығарылған сот жазасы орындалғанын жария еткен. Солардың бірі – 2011 жылы Сауд Арабиясының шығысында шииттердің наразылық акциясы кезінде маңызды рөл атқарған 56 жастағы шейх Нимр әл-Нимр еді.

XS
SM
MD
LG