Accessibility links

ФИФА вице-президенті АҚШ-қа экстрадициялауға келісті


Альфредо Хавит.

Альфредо Хавит.

Халықаралық футбол федерациясындағы (ФИФА) коррупция ісі бойынша күдіктілердің бірі, Солтүстік және Орталық Америка және Кариб бассейні елдері футбол конфедерациясының президенті Альфредо Хавит өзін АҚШ-қа экстрадициялауға келісті. Оған ФИФA ұйымындағы жемқорлыққа қатысты істе миллиондаған доллар пара алу қылмысына қатысты айып тағылған.

Былтыр 3 желтоқсанда Цюрихте, ФИФA ұйымы отырысының басталуына бірнеше сағат қалған кезде, Оңтүстік Америка футбол конфедерациясы басшысы Анхел Напутпен бірге ұсталған соң Хавит FIFA ұйымының вице-президенті қызметінен шеттетілген. Напут кейін АҚШ билігіне тапсырылған.

Сәрсенбі күні ФИФA ұйымының этика жөніндегі комиссиясы осы ұйымның бас хатшысы Жером Валькені қызметінен уақытша шеттету мерзімін тағы 45 күнге созды. Халықаралық футбол федерациясы Бразилияда 2014 жылы өткен әлем чемпионатына заңсыз жолмен билет сату ісіне Валькенің қатысы бары туралы ақпаратты тексеріп жатыр. Осының қарсаңында комиссия Валькеге 9 жыл бойы футбол саласында жұмыс істеуіне тыйым салу және оған 100 мың долларға жуық көлемде айыппұл төлетуді ұсынған.​

ФИФA ұйымындағы коррупция жанжалына қатысты қырықтан аса адам мен компанияларға айыптар тағылған.

XS
SM
MD
LG