Accessibility links

ДБ: Әлем экономикасының өсу қарқыны бәсеңдейді


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Дүниежүзілік банк болжамында әлем экономикасының өсу қарқыны бәсеңдейтіні айтылған. Банк мамандарының есептеулері бойынша, ол көрсеткіш 2,9 пайызды құрайды. Бұл осыған дейінгі болжамдағыдан 0,4 пайызға төмен, алайда 2015 жылдың көрсеткішінен (2,5 пайыз) жоғары.

Басқару және бизнес саласындағы реформалардың маңызын атап көрсеткен дүниежүзілік банк жетекші роль атқаратын дамушы елдер тобы нарығының әлсіз болуы кедейшілікпен күрес болашағына көлеңке түсіріп отыр деп санайды.

Дүниежүзілік банктің болжамы бойынша, биылғы жылы Ресей экономикасының құлдырау қарқыны 0,7 пайызға дейін баяулайды. Былтыр бұл көрсеткіш 3,8 пайызды құраған еді. Банк Ресей экономикасы тек 2017 жылы ғана қайта көтеріле бастауы мүмкін деп топшылайды.

XS
SM
MD
LG