Accessibility links

Мұнай бағасы 34 доллардан төмендеді


АҚШ-тың Калифорния штатындағы мұнай бұрғысы. (Көрнекі сурет.)

АҚШ-тың Калифорния штатындағы мұнай бұрғысы. (Көрнекі сурет.)

Нью-Йорк биржасындағы сауда нәтижесінде Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 33 доллар 37 центке дейін арзандап, соңғы рет 2004 жылы тіркелген межеге дейін түскен. АҚШ-та өндірілетін WTI маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы 33 доллар 13 центке дейін төмендеген.

Brent мұнайы бағасының тәулік ішінде шамамен 8 пайызға кемуін сарапшылар Қытай қор биржасындағы индекстердің құлауымен байланыстырады.

Қытай биржасында бейсенбіде Shanghai Composite индексі бес пайыздай құлдыраған соң сауда-саттық 15 минутқа тоқтатылған. Бірақ, сауда қайта жалғасқаннан кейін баға тағы құлап, ақыры билік Шанхай мен Шеньчжэнь биржаларында күн соңына дейін сауданы тоқтатқан.

Жаңа жыл басынан бері Shanghai Composite индексі 12 пайызға кеміген. Қазір қытай валютасының АҚШ долларына шаққандағы бағамы 6,5 юаньді құрап отыр.

XS
SM
MD
LG