Accessibility links

«Астана» мен «Қайрат» әлемдегі үздік жүздік қатарында


"Астана" футбол командасының ойыншылары. (Сурет клубтың баспасөз қызметінен алынды.)
"Астана" футбол командасының ойыншылары. (Сурет клубтың баспасөз қызметінен алынды.)

Футбол тарихы мен статистикасы халықаралық федерациясы (IFFHS) футбол клубтарының әлемдік рейтингін жариялады деп хабарлайды ақпарат агенттіктері. Испанияның «Барселонасы» бастап тұрған үздік жүздік қатарына Қазақстаннан екі клуб енген. Бұл тізімде Астананың «Астана» клубы 66-орында, Алматының «Қайраты» – 94-орында тұр.

Рейтингтегі екінші және үшінші орындарға тиісінше Италияның «Ювентус» және «Наполи» клубтары орналасса, төртінші орынға Германияның «Бавариясы» жайғасқан.

XS
SM
MD
LG