Accessibility links

Ливиядағы жарылыстан ондаған адам мерт болды


Злитендегі жарылыс болған аймақ. 7 қаңтар 2016 жыл.

Злитендегі жарылыс болған аймақ. 7 қаңтар 2016 жыл.

Ливияның Злитен қаласындағы полиция академиясының жанында жүк көлігі жарылып, елу адам мерт болған. 100 адам жарақат алған. Ливия үкіметі бұл оқиғаны "теракт" деп мәлімдеді.

Бұл оқиғадан бірнеше сағат өткен соң Рас-Лануфе бақылау пунктінде жанкешті өзі мінген көлікті жарып жіберген. Бұл жарылыстан алты адам қаза тапты.

Әзірге терактіні ешқандай топ мойнына алған жоқ. Дегенмен полиция "терактіні Ислам мемлекеті" экстремистік тобы ұйымдастыруы мүмкін" деген болжам жасады.

XS
SM
MD
LG