Accessibility links

Қазақстан қор биржасында бүгін таңертеңгі саудада бір АҚШ долларының құны 351 теңге 85 тиын болды. 6 қаңтар күні биржадағы сауда бір доллар құны 345 теңгемен жабылған болатын.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 351-353 теңге аралығында сатылып жатыр.

Қарашаның басында Қазақстан ұлттық банкінің төрағасы болып Данияр Ақышев тағайындалған еді. 6 қараша күні ұлттық банк алтын-валюта қорын сақтау үшін валюта нарығына араласуын азайтатынын мәлімдеген. Бұдан соң теңге құны біршама төмендеген еді. Қарашаның басында 279 теңгеден асып тұрған доллардың орташа бағамы желтоқсанның ортасында 348 теңгеден асып, ең жоғарғы көрсеткішке жеткен болатын.

XS
SM
MD
LG