Accessibility links

АҚШ-та өзбек мигранты 25 жылға сотталды


АҚШ-тағы өзбекстандық мигрант Фазлиддин Курбанов.
АҚШ-тағы өзбекстандық мигрант Фазлиддин Курбанов.

АҚШ-та өзбекстандық мигрант Фазлиддин Курбанов америкалық әскери академияға шабуыл жасауды жоспарлады деген айыппен 25 жылға сотталды. Ол жазасын өтеп болған соң Өзбекстанға депортацияланады.

Судья Эдвард Лодж сотта "Курбанов АҚШ-та жиһад жасауды жоспарлады" деп мәлімдеді.

Жүк көлігін жүргізуші Фазлиддин Курбанов Өзбекстаннан 2009 жылы кеткен. Ол террорист емес екенін, ешқашан біреуге қастандық жасамағанын, ойында ешқандай террорлық әрекет жасау болмағанын айтады.

Ал прокурор Курбановтың "Өзбекстан ислам қозғалысы" ұйымымен байланысы болғанын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG