Accessibility links

Пхеньян шекарада насихат таратуға қайта кірісті


Оңтүстіккореялық солдат дауыс зорайтқышты қосып жатыр. Оңтүстік Корея шекарасы маңы, 8 қаңтар 2016 жыл.

Оңтүстіккореялық солдат дауыс зорайтқышты қосып жатыр. Оңтүстік Корея шекарасы маңы, 8 қаңтар 2016 жыл.

Пхеньян екі Корея арасындағы шекарада дауыс зорайтқыш арқылы насихат хабар таратуды қайта бастады. Бұл туралы Оңтүстік Корея қарулы күштері басшылары хабарлады. Солтүстік Корея дауыс зорайтқышпен тарататын насихатын Оңтүстік Корея сондай үгіт-насихат хабарларын бастағаннан төрт сағаттан кейін қосқан.

6 қаңтар күні Пхеньян термоядролық бомба сынаған еді. Бұған жауап ретінде Сеул (Оңтүстік Корея) шекарадағы насихат хабарларын қайта тарата бастаған. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Пхеньянның ядролық сынағын бұрын қабылданған қарарды «өрескел бұзу» деп бағалады.

Оңтүстік Корея әскерилері Солтүстік Кореямен шекарада дауыс зорайтқыштар арқылы кореялық ең танымал поп-музыка өкілдерінің әндерін қояды. Сеулдегі ТАСС корреспондентінің айтуынша, ол әндердің белгілі бір мазмұны бар. Кейбір әндер Оңтүстік Кореяның қалай дамып жатқанын баяндайды.

Мәселен Ли Э Ран атты әнші «100 жыл» атты композициясында Оңтүстік Кореядағы өмір жасының әжептәуір ұзарғанын айтады. Оңтүстік Кореяның музыка сарапшыларының айтуынша, әндердің мазмұны мен әуені оны тыңдаған адамның есінде қалатындай етіп ойластырылған.

XS
SM
MD
LG