Accessibility links

Париж терактілерін жасағандардың "саусақ ізі" табылды


Париждегі террорлық шабуылдарды жасады деген күдікке ілінген Салах Абдеслам.
Париждегі террорлық шабуылдарды жасады деген күдікке ілінген Салах Абдеслам.

Бельгия федералдық прокуратурасы 8 қаңтар күні "Брюссель қаласындағы бір пәтерден Парижде террорлық шабуылдар жасады деген күдікті Салах Абдеслам пайдаланған күртеше табылды" деп хабарлады. Брюссель аудандарының біріндегі пәтерден табылған үш күртеден бірнеше адамның саусақ іздері анықталған.

Прокуратура мәлімдемесінде "Пәтерді біреу жалған есіммен жалға алған. Оның Париж шабуылдарына қатысы бар деген 10 адамның бірі болуы мүмкін" деп жазылған.

Салах Абдеслам былтыр 13 қараша күні Парижде (Франция астанасы - ред.) жасалған, 130 адам қаза тапқан террорлық шабуылдарға қатысы бар деген күдікпен іздестіріліп жатыр.

Шабуыл жасағандардың арасында Абдесламның бауыры Брахим болған. Ол теракт кезінде өлген. Париждегі террорлық шабуылдарды "Ислам мемлекеті" (Қазақстанда тыйым салынған - ред.) экстремистік ұйымы мойнына алған.

XS
SM
MD
LG