Accessibility links

Пәкістан Иран мен Сауд Арабиясын татуласуға шақырды


Пәкістан премьер-министрі Наваз Шариф.

Пәкістан премьер-министрі Наваз Шариф.

Пәкістан премьер-министрі Наваз Шариф Иран мен Сауд Арабиясы араздасып қалғанына "қатты қынжылатынын" мәлімдеді. Ол "екі халықты татуласуға" шақырды.

Исламабадта (Пәкістан астанасы - ред.) Сауд Арабиясы сыртқы істер министрімен кездескеннен кейін Шариф "екі ел арасы ушығып кеткеніне Пәкістанның алаңдайтынын" айтып, Тегерандағы Сауд Арабиясы елшілігіне жасалған шабуылды айыптады. Мұны премьер кеңсесі хабарлады.

Хабарламада "премьердің мұсылман бірлігі үшін екі елді достыққа шақырғаны" жазылған.

Пәкістан Иранмен шектеседі әрі бұл елде шиит азшылығы тұрады. Пәкістан өз ішінде екі қауым (сүнниттер мен шииттер) арасында қақтығыс шығып кетуінен қауіптенеді.

Мұнан бөлек, Пәкістан Иранмен де, Сауд Арабиясымен де сауда қатынастарын тереңдеткісі, әсіресе мұнай-газ ресурстарына қол жеткізгісі келеді. Қазір Пәкістанға Ираннан газ құбыры тартылып жатыр. Иран санкциялары алынған соң құбыр іске қосылады деп жоспарланған. Бірақ Шариф Сауд Арабиясымен де тығыз қарым-қатынас орнатқан. Ол 2000-жылдары қуғында жүргенде осы елде тұрған еді.

XS
SM
MD
LG