Accessibility links

Мексикада атышулы есірткі синдикаты басшысы ұсталды


Мексика полицейлері Эль-Чапоны әкетіп барады. Мехико, 22 ақпан 2014 жыл.

Мексика полицейлері Эль-Чапоны әкетіп барады. Мехико, 22 ақпан 2014 жыл.

Мексика президенті Энрике Пенья Ньето жарты жыл бұрын түрмеден қашып кеткен атышулы наркобарон Хоакин Арчивальдо Гусман Лоэраның қолға түскені туралы мәлімдеді.

Мексикадағы ең ықпалды Синалоа қылмыс синдикатының басшысы, Эль Чапо («Қортық») деген лақап атпен танымал Гусман былтыр жазда өзі отырған түрме камерасының астынан жерді үңгіп қазып қашып кеткелі бері іздеуде жүрген еді. «Қортық» басқаратын қылмыстық топтың АҚШ-та сатқан есірткі көлемі жүздеген миллион долларға бағаланған. Вашингтон Эль-Чапоны сотқа тарту үшін оны АҚШ-қа экстрадициялауды Мексикадан сұрап келе жатыр.

1993 жылы Гусман Гватемалада ұсталып, Мексикаға жеткізілген соң 20 жылға сотталған еді. 2001 жылы ол түрмеден қашып кетіп, 2014 жылы ұсталған. 2015 жылы шілде айында ол тағы да түрмеден қашып кеткен.

Эль Чапоның иелігінде миллиард доллар бар деп саналады.

XS
SM
MD
LG