Accessibility links

Словакия ЕО шұғыл саммитін өткізуге шақырды


Кельнде әйелдерге қарсы жаппай шабуылға наразылық шеруіне шыққандар. Германия, 5 қаңтар 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)
Кельнде әйелдерге қарсы жаппай шабуылға наразылық шеруіне шыққандар. Германия, 5 қаңтар 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)

Словакия премьер-министрі Роберт Фицо, Германияның Кельн және өзге де бірқатар қалаларында әйелдерге қарсы жаппай шабуылдардан кейін, Еуропа Одағы сыртқы шекарасында бақылауды күшейту туралы шұғыл саммит өткізуге шақырды.

Бұған дейін жаңа жыл түні құқық қызметкерлері қаладағы ахуалды бақылауында ұстай алмады деген сынға қалған соң Кельн полициясы бастығы Вольфганг Альберс жұма күні қызметінен кеткен еді.

Кейін анықталғандай, Кельнде полиция штаты толық жасақталмаған, олардың жаппай шабуылдағандарға қарсы тұруға құрал-жарағы жеткіліксіз болған. Жаңа жыл түні жасалған шабуылдардан соң түскен жүзден аса шағымның көбін әйелдер берген. Олар зорлық пен тонауға ұшырағанын айтқан.

Мұндай шабуылдар Германияның Гамбург, Штутгарт және Франкфурт қалаларында да болған.

Жұма күні Германия билігі жаңа жыл түні жасалған шабуылдарға күдікті саналатын отыздан аса адамның арасында босқын мәртебесін алуға өтініш берген 18 мигрант бар деп хабарлаған.

2015 жылы Германияға бір миллион жүз мыңға жуық босқын барған.

XS
SM
MD
LG