Accessibility links

Жамбыл ІІД: Сәбиді әжетханаға тастауған күдікті ұсталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Жамбыл облысында жаңа туған нәрестені тірідей жол шетіндегі әжетханаға тастап кеткен деген күдікпен Тұрар Рысқұлов атындағы ауданда тұратын 21 жастағы әйел ұсталған. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті хабарлады.

Бұған дейін қаңтардың 3-і күні Жамбыл облысында Абай ауылы маңында, «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» тасжолының бойындағы әжетхана шұңқырынан жаңа туған жас нәресте табылғаны хабарланған еді. Жер бетінен екі метр тереңдікте жылап жатқан сәби дауысын сол жерден өтіп бара жатқан жолаушылар кездейсоқ естіп, полицияға хабарлаған. Баланы алып шығу үшін құтқарушыларға әжетхана қабырғасын бұзуға бір сағаттай уақыт жұмсауға тура келген.

Суықтан әбден тоңып қалған қыз бала аудандық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер салмағы 3,5 келіден асатын сәбидің суықтан өкпесі қабынғанын, қазір денсаулық жағдайы тұрақты екенін хабарлаған.

Баланы әжетханаға тастап кету оқиғасы бойынша полиция қылмыстық іс қозғаған.

XS
SM
MD
LG