Accessibility links

Өзбекстандағы жер сілкінісі дүмпуі Шымкентте сезілген


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Бүгін Алматыдан батысқа қарай 703 километр қашықтықта 5,1 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістеме-тәжірибелік орталығы.

Астана уақыты бойынша таңертеңгі сағат 5:02 кезінде тіркелген жер сілкінісінің ошағы Өзбекстан аумағында, 20 километр тереңдікте болған деп хабарланды.

Шымкентте екі балдық (МSК-64 шкаласы бойынша) жерасты дүмпуі сезілген.

XS
SM
MD
LG