Accessibility links

Қазақстан армиясын әскери дабылмен көтерді


Қазақстан қарулы күштері сарбаздары оқу-жаттығу кезінде. (Көрнекі сурет.)
Қазақстан қарулы күштері сарбаздары оқу-жаттығу кезінде. (Көрнекі сурет.)

Қазақстан қарулы күштері бүгін жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрлік ақпаратында Қазақстан армиясының барлық түрі дабыл белгісі бойынша көтерілгені айтылған. Бас штабтың бұйрығымен құрлық әскері оқу-жаттығу орталықтары мен полигондарда оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындауға кіріскен. Әуе қорғанысы күштерінің құрамынан әуеге жауынгерлік кезекшілікті атқаратын күштер мен құралдар көтерілген. Корабльге қарсы, әуеге қарсы және суасты диверсиялық шабуылға қарсы қорғаныс бойынша оқу тапсырмаларын пысықтау үшін теңізге әскери-теңіз күштері кемелері шығарылған.

Қорғаныс министрлігі бүгінгі әскери дабыл оқу-жаттығу мақсатында жарияланғанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG