Accessibility links

Ресейде науқас қазасына дейін оны ұрған дәрігерге іс қозғалды


Ресейдің Белгород қаласы орталығындағы Ленин ескерткіші. (Көрнекі сурет.)

Ресейдің Белгород қаласы орталығындағы Ленин ескерткіші. (Көрнекі сурет.)

Ресейдің Белгород қалалық ауруханасында науқасты ұрған дәрігердің үстінен қылмыстық кодекстің «абайсызда адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғалған. Бұған дейін интернетте жарияланған видеотаспада аурухананың науқастарды қабылдау бөлімінде бір адамға қол жұмсаған дәрігер киіміндегі адам бейнеленген. Соққыдан құлап түскен ер адам содан қайтып тұрмаған. Кейін науқас қайтыс болып кеткен. Әлгі дәрігер кабинетке кірген тағы бір адамға бірнеше рет жұдырық сілтеп, оны да құлатқаны видеоға түсіп қалған.

Бұл оқиға былтыр желтоқсан айының 29-ы күні болған. Сол күні ауруханаға түскен науқас адам, тергеушілердің дерегі бойынша, медбикені теуіп жіберген. Бұдан соң дәрігер әлгі науқасқа жұдырық жұмсаған. Бұқаралық ақпарат құралдары, кейбір куәгерлердің сөзіне сілтеме жасап, «алкогольдік ішімдік ішкен науқас» медбикені теппеген, тек онымен сөзге келіп қалып, сосын қабырғаны бір тепкен, бірақ өзін қараған медицина мекемесі қызметкерлерінің айтқанын орындаған деп хабарлады.

XS
SM
MD
LG