Accessibility links

Солтүстік Корея зымыран атқаны жайлы видео жариялады


Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын сүңгуір қайықта тұр. (Көрнекі сурет.)

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын сүңгуір қайықта тұр. (Көрнекі сурет.)

Солтүстік Корея сүңгуір қайықтан баллистикалық зымыран ұшыру сынағы деп сипатталған видеоны жариялады. Алайда, Оңтүстік Корея басылымдары жұманың кешінде көрсетілген видео бұған дейінгі екі сынақтың – өткен айда Жапон теңізіндегі баллистикалық зымыран ұшыру және 2014 жылы жасалған сынақ видеоларынан әзірленген монтаж болуы мүмкін деп топшылайды.

Түсірілген уақыты көрсетілмеген видеода әскери кемеден ұшырылған зымыранды бақылап тұрған, үстіне жылы пальто, басына жұқа киіз қалпақ киген Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын бейнеленген.

Бұған дейін, 6 қаңтарда Солтүстік Корея сутегі бомбасы сынағын сәтті өткізгені туралы мәлімдеген еді. Әзірше бұл ақпаратты өзге тәуелсіз орындар растаған жоқ. Жапония мен Оңтүстік Корея елдері Солтүстік Кореяның ісін сынға алып, "ұлттық қауіпсіздіктеріне қатер төндіріп отырған" Пхеньянды айыптады.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Кореяға қарсы қатаң шаралар қолдану туралы қарар жобасын әзірлеуге ниетті екенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG