Accessibility links

АҚШ интернеттегі экстремизмге қарсы топ құрмақ


Полиция көлігіне қарата оқ атып тұрған ер адам, Филадельфия, АҚШ. 7 қаңтар 2015 жыл.

Полиция көлігіне қарата оқ атып тұрған ер адам, Филадельфия, АҚШ. 7 қаңтар 2015 жыл.

АҚШ-та экстремизмді интернетте насихаттауға қарсы арнайы топ құрылады. Мұндай шешім жұма күні Ақ үйде ұлттық қауіпсіздік жөніндегі ведомстволар басшылары мен компьютерлік технологиялар саласының жетекші ғалымдарының қатысуымен өткен кездесуде қабылданған.

АҚШ үкіметі технологиялық компанияларды экстремистердің интернет арқылы өзіне жақтастар тартуына және шабуылдар жоспарлауына белсенді түрде қарсы тұруға шақырады.

Кеңесулерге Apple, Facebook, Google, Twitter, Microsoft, Yahoo, Linkedin тәрізді компаниялар жетекшілерінің өкілдері қатысқан. Жиында Париж және Калифорнияда болған терактілер экстремизмді насихаттауға әлеуметтік желілердің ресурстары пайдаланылуы мүмкін екенін көрсеткені айтылған.

XS
SM
MD
LG